Кейде дәрі шұғыл қажет болып, бірақ үйден шығуға мүмкіндік болмай қалады. Кейде қасыңызда көмектесетін адам жоқ, ал кейде жай ғана дәріханаларды аралап, уақыт пен күш жұмсағыңыз келмейді.
Бүгінде технологиялар бұл мәселені тез әрі ыңғайлы шешуге мүмкіндік береді – бірнеше батырманы басу арқылы қажетті дәріні тауып, бағаларды салыстырып, жеткізуді есікке дейін рәсімдеуге болады.
Төменде дәрі-дәрмек сатып алу процесін барынша жеңілдетіп, уақытыңызды үнемдеуге көмектесетін танымал онлайн-сервистер тізімі берілген:
- Apteka.com – дәріханалар бойынша іздеу және онлайн тапсырыс беру мүмкіндігі.
- 103.kz – Қазақстанның ірі қалаларында жұмыс істейтін ең танымал медициналық порталдардың бірі.
- I-teka.kz – ыңғайлы сүзгілер мен балаларға арналған тауарлар бөлімі бар.
- Appteka.kz – Halyk Bank жүйесімен біріктірілген, төлем жасау оңай.
- Kaspi.kz – дәрілерге тапсырысты «Тауарлар» бөлімінде беруге болады.
- Aurma.kz – дәріханалар бойынша жылдам іздеу және баға салыстыру.
- DariBar – дәріханалардан жеткізуді қамтамасыз ететін мобильді қосымша.
- Яндекс Go – «Еврофарма», «Добрая» және «Аптека плюс» дәріханалар желісінен дәрілерді жеткізу қызметі.
Сақтап алыңыз, жақындарыңызбен бөлісіңіз және ең бастысы – емді кешіктірмей, өз денсаулығыңызға уақытында көңіл бөліңіз.