loading

Акушер-гинеколог, Алматы қаласындағы Asmed әйелдер консультациясының меңгерушісі Айым Бейсембекқызы алғашқы қабылдауда не үшін әйелдің төлқұжаты қажет екенін, неге күйеуі мен отбасы мүшелерінің флюорографиясын ұсыну маңызды екенін және болашақ ата-аналар қандай тексеруден өтетінін түсіндірді.

«Ең алдымен, жүкті әйелді сәйкестендіру маңызды, ол үшін әйелдің төлқұжаты қажет. Сондай-ақ біз әйелден тексеру мен зерттеу жүргізуге ақпараттандырылған келісім алуымыз керек.
Қосымша түрде күйеуінің флюорографиясын сұраймыз – бұл отбасында туберкулез ошағы жоқ екеніне көз жеткізу үшін қажет. Егер жаңа туған нәрестемен бірге басқа отбасы мүшелері де бірге тұрса, олардың да флюорографиясын тексеруіміз керек. Зерттеу нәтижелерін бірінші қабылдауға алып келген жөн, бірақ келесі қабылдауға да болады», – деді Айым Бейсембекқызы.

Сондай-ақ Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар екінші ауру – ВИЧ инфекциясы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы бұйрығына сәйкес, жүкті әйелдің жыныстық серіктестері жүкті әйел есепке тұрған кезде бір рет ВИЧ инфекциясына медициналық тексеруден өтіп, нәтижелерін ұсынуы тиіс.

Write a Reply or Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *