loading

Asmed емханалар желісінің қызметкерлері дәстүрлі спорттық шара – Almaty Marathon 2025 марафонына қатысты. Бұл жай ғана спорттық оқиға емес, бұл – төзімділік пен рух күші сынағы, сондай-ақ нағыз командалық бірліктің көрінісі.

Марафонға қатысу әрбір қызметкер үшін жеке жетістік қана емес, сонымен қатар компанияның ортақ корпоративтік құндылықтарын – даму мен мақсатқа ұмтылу, қиындықтарды еңсеру және бір-біріне қолдау көрсету рухын бейнеледі.

Asmed атынан барлығы 18 қатысушы тіркеліп, олардың 14-і таңдаған қашықтығын сәтті еңсерді, ал 4 қызметкер денсаулық жағдайына байланысты жарысқа қатыса алмады.

21 км қашықтықтағы қатысушылар:

  • Байжанов Ихтияр Хамидұлы – хирург-дәрігер
  • Елемес Дарын Дәуренұлы – HR-менеджер
  • Қайратов Нұрсұлтан Қайратұлы – жалпы тәжірибе дәрігері
  • Төрегелді Дариға Дәулетбекқызы – мейірбике
  • Фатизова Альфия Рустамқызы – Технологияларды сипаттау мектебінің менеджері
  • Зияева Диёра Бахадирқызы – терапевт-дәрігер
  • Данияр Нарқыз Мейірханқызы – жалпы тәжірибе дәрігері
  • Муса Арайлым Сламқазықызы – ОПСПП бөлімінің меңгерушісі
  • Амирдинов Ниятжан – жалпы тәжірибе дәрігері
  • Сүлейменова Айнұр Асқарқызы – B2B менеджер
  • Аманжолов Қуаныш Булатұлы – маркетинг директоры
  • Амангелдинова Динара Шәкерімқызы – HR директоры

Скандинавиялық жүру санаты:

  • Марқаметова Гүлзира Нұрымжанқызы – сапаны бақылау және оқыту департаментінің директоры

42 км қашықтықтағы қатысушы:

  • Рутгайзер Ильяс Ильич – дизайнер

Марафонға қатысып, компанияны лайықты деңгейде таныстырған барлық қызметкерлерге алғыс білдіреміз. Бұл тәжірибе командалық рухты нығайтып, жаңа кәсіби және жеке жетістіктерге бастайтын маңызды қадам болды.

Write a Reply or Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *